09
қазан
2026
«Білімім – Отаныма!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өткізілді.
25.05.2026 күні мектебімізде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизмге, бірлік пен татулыққа, жалпыұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ Халықтық Конституцияның маңызын насихаттау және заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту болды.
Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіздік шаралары, жол және интернет қауіпсіздігі, «Таза Қазақстан» бастамасы, еңбек етудің маңызы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу, кітап оқу мен қосымша білім берудің пайдасы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды.



