07
қазан
2026
Ұстаздар күні 2026-2027 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №2-20-7/6676-И хатына сәйкес, 5 қазан – Мұғалімдер күніне орай 30 қыркүйек – 5 қазан аралығында білім беру ұйымдарында «Ұстазға алғыс айту апталығы» өткізілуде.
Осыған мектебімізде ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын дәріптеу, педагогтердің шәкірттер өміріндегі ерекше рөлін көрсету және мұғалімдерге деген құрмет пен алғыс сезімін арттыру мақсатында, бітіруші түлектер «Ұстазға алғыс» челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж барысында мектеп оқушылары ұстаздарына жүрекжарды тілектерін білдіріп, білім мен тәрбие берген мұғалімдеріне алғыстарын жеткізді.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп, өмір жолына бағыт-бағдар беретін аяулы тұлға. Ұстаздың еңбегі – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына қосылған өлшеусіз үлес.



