«Тіл және технология: тілдің жаңа тынысы» тақырыбында онкүндік іс-шаралар легі өткізілуде. » «Жас балғын» бастауыш мектеп»
«Жас балғын» бастауыш мектеп»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:211240010367
Қабылдау бөлімі:
+7(700) 141-80-01
"Әдіскер:
+7(708) 712-56-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл және технология: тілдің жаңа тынысы» тақырыбында онкүндік іс-шаралар легі өткізілуде.
09
қазан
2026

«Тіл және технология: тілдің жаңа тынысы» тақырыбында онкүндік іс-шаралар легі өткізілуде.

ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРІМІЗ ОНКҮНДІК АЯСЫНДА  ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАРҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА
     2026 жылғы 2-11 қыркүйек аралығында ЖШС “Жас балғын” мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті  және ағылшын тілі пәндері бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Тіл және технология: тілдің жаңа тынысы» тақырыбында онкүндік іс-шаралар легі өткізілуде.  
      Онкүндіктің негізгі мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау, көптілділік мәдениетін қалыптастыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу және заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тіл үйрену мен оқыту үдерісінде тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету.
       Онкүндік аясында  2026 жылғы 04 қыркүйек күні  «Тіл – ұлт тірегі: ЖИ дәуіріндегі жаңа көзқарас» тақырыбымен 7-8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылды.
     Оқушылардың жазба тілін дамыту, өз ойын жүйелі әрі сауатты жеткізу қабілетін қалыптастыру, ана тілінің ұлт өміріндегі маңызын түсіндіру және технологиялық даму жағдайындағы тілдің болашағы туралы шығармашылық ойларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған эссе байқауына жас жеткіншектеріміз белсене қатысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив