2026 жылғы 15 қыркүйек күні мектебімізде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында 7-сынып оқушыларына аталған тақырыпта құқықтық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар Конституцияның мемлекеттік биліктің өкілеттіктерін белгілеп, оның шектен тыс пайдаланылуына жол бермейтінін талқылады.

Қазақстандағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну принципі түсіндірілді. Билік тармақтарының өзара бақылауы мен тепе-теңдігі биліктің бір қолға шоғырлануын шектеуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Сонымен қатар Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беретіні туралы түсінік берілді.

Нәтижесінде: оқушылар биліктің бөліну принципінің маңызын түсініп, Конституцияның азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және мемлекеттік билікті заң аясында ұстаудағы рөлін анықтады.


Конституция – биліктің шегі, азамат құқықтарының кепілі!
