07
қазан
2026
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы
Наурызнама онкүндігі аясында мектепте Наурыз жыл басы мерекелік іс-шарасы өтті. 
Мерекелік кешке мектептің барлық ұжымы мен оқушылары белсене қатысты. Олар көркем қойылымдар қойып, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, ұлттық ойындар да ойнатылды.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген көктеммен бірге қазақ жерін жаңартып, әнші құстарды сайратып, жаңа жылды қарсы алып жатырмыз. Қуанышқа толы бұл мереке баршамызға тек жақсылық әкелсін!
Бұл ерекше сәттер ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, қазақ мәдениетінің бай мұрасын құрметтеуді айқын көрсетті. Наурыз мерекесі баршамызға шаттық пен береке әкелсін! 

